Алтынның үстінде отырған аудан жер астына түсіп кетеміз бе деп алаңдайды
Павлодардағы шағын ауданның асты кенішке айналған.
Бұл мәселені мәжіліс отырысында депутат Жарқынбек Амантайұлы көтерді.
Оның алдын алмасақ, жыл басында Майқайың кенішінде болған жағдай, тағы қайталанады дейді.
Себебі аталған аудан опырылып құлаған жерден 500 метр қашықтықта орналасқан. Жалпы кәсіпорын құрылғаннан бері 16 миллионнан аса кен өндірген.
Бұл дегеніміз 80 тонна алтын, 1240 тонна күміс, 204 тонна мыс және 300 мың тонна мырыш.
Жер астындағы байлықты алғандар, жергілікті тұрғындарға, үй, балаларға ойын алаңын, спорт кешендері мен әлеуметтік нысандар салмаған. Тек жылына жергілікті бюджетке, мардымсыз салық төлеп келген. Басшылары шетелдік шенділер екен. Қауіпсіздік ережесін қатаң бақылап, шағын ауданның инфрақұрылымын дамытуға, қаржы тарту керек дейді депутат.
Жарқынбек Амантайұлы, ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты:
- Ал енді осы Акционерлік қоғамның 100 пайыз акциясы Кипр Республикасында орналасқан «Rence Enterprises LTD» компаниясына тиесілі. Ол компания Милан Попович деген бизнесменге тиесілі. Еліміздің байлығына кенелген бұл бай-патшалардың ісін кім қадалауға алады? Шахтаның маңында орналасқан шағын ауылдың тұрғындарына барлық қауіпсіздік жағдайын қарастыру қажет.