Әскерилеріміз Таяу Шығыс және Африкада 4 миссияны жүзеге асырады
Қазақстандық 430 сарбаз бітімгершілік миссиясына қатысады, деп хабарлайды 24KZ.
Олар Біріккен Ұлттар Ұйымының сабында әскери қызмет атқарады. Әскерилер көктемнен бастап кезең-кезеңімен ұйым жұмысына тартыларды. Олардың қатарында штабтық офицерлер, бақылаушылар және мамандандырылған бөлімшелер бар. Сондай-ақ сала министрі Қазақстан әскері қандай бағыттарда қызмет ететінін айтты.
Біздің әскерилер Таяу Шығыс және Африкада 4 миссияны жүзеге асырады. Мәселен, Голан биігінде Финляндия, Ирландия, Нидерланды секілді 7 елмен қосылып арнайы тапсырма орындайды. 2-ші миссияда Палестина-Израиль арасында бітімгершілік шарттарының орындалуын бақылайды. Сондай-ақ Судан Республикасында да бейбітшілік жолында қызмет етеді. Бұл мақсатта Қазақстанмен қатар Қытай, Руанда, Үндістан сияқты 5 мемлекет бірігеді. Ал Абьейдегі тапсырмада Гана, Үндістан, Пәкістан секілді 6 ел әскерилері қатар қызмет атқарады.