Ақтөбеде мектеп директорларының форумы өтті
«Білім берудегі өзгерістердің 1000 көшбасшысы». Елімізде мектеп директорларының біліктілігін арттыруға негізделген жоба осылай аталады.
Бағдарлама аясында былтыр 208 үміткер заманауи менеджменттің қыр-сырын меңгеріп, жаңа мектептердің тізгінін ұстады. Биыл тағы 3 мыңға жуық директор біліктілік курстарынан өтіп, мамандар резервіне тіркеледі. Ақтөбеде мектеп директорларының форумы өтті. Төрт облыстың 1200-ге тарта педагогы түрлі шеберлік сағатынан өтіп, білімін арттырды.
Ғани Бейсембаев, ҚР Оқу-ағарту министрінің міндетін атқарушы:
- Мектеп басшыларымен тікелей тілдесу арқылы бірлесе отырып бүкіл еліміздегі балаларға жайлы, қауіпсіз ортаны қалыптастыра отырып, сапалы білім және саналы тәрбие беруді дан әрі жетілдіру және оны биік деңгейге жеткізу бағытында бүгінгі кездесудің алар орны ерекше.