Сенаторлар: Вейп жарнамасына тыйым салу керек

Электронды темекілердің жарнамасына тыйым салу керек.

Сенат депутаттары «ҚР-ның кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңның екінші оқылымында осындай ұсыныс айтты. Бұл құжат электронды темекілердің айналымына тыйым салу мен оны елге әкелгені үшін қылмыстық жауапкершілікті қарастырады. Осы ретте сенаторлар оған жарнамаға тыйым салу нормасын да енгізіп, Мәжіліске қайтадан жіберді.

Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:

- Бұл заң өте қажет. Біз вейптің өндірісіне, саудасына тыйым салуымыз керек. Егер Мәжіліс Сенат ұсынған өзгерістермен келіссе, заңға мемлекет басшысы қол қояды. Сонда вейп сатқандарға қатысты қылмыстық жауапкершілік қарастырылатын болады. Бұл жай ғана ескерту немесе айыппұл салу емес. Ал тұтынушылар үшін әкімшілік жауапкершілік болады.