Министр: Су тасқынының салдарын жоюға қажетті барлық шара қабылданып жатыр
Өңірлерде әкімдіктермен бірлесіп, тасқын сумен күрес шаралары күшейтілді.
Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрі айтты. Мысалы, Ақмола облысына қарасты Қараөткел және Қаражар ауылдарында тасқынға қарсы жұмыстар жүргізіліп жатыр. Қызыл су салдарын жоюға Астана қаласы мен Ақмола облысының Төтенше жағдайлар департаменттерінің күштері мен жеке құрамы жұмылдырылды. Қазір жағдай күрделі аймақтарға қолдау көрсетуге басымдық беріліп отыр.
Шыңғыс Әрінов, ҚР Төтенше жағдайлар министрі:
-Барлық министрліктің бөлімшелері күшейтілді. Өңірлерде әкімдіктермен бірлесіп, су басуға қарсы іс-шаралар өткізіліп жатыр. Қосымша күштер мен құралдар ең күрделі аймақтарға бағытталды. БҚО, Ақтөбе, Қостанай облыстарына жедел желі телефоны жұмыс істейді. Қазіргі уақытта су тасқыны салдарын жою бойынша барлық қажетті шаралар қабылдануда.