Сенаттың алғашқы төрағасы өмірден өтті
Көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Өмірбек Байгелді өмірден озды.
Өмірбек Байгелді – Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының алғашқы Төрағасы болды.
Марқұм 1939 жылы Жамбыл облысының Қызыл-Октябрь ауылында дүниеге келген.
Еңбек жолын Жамбыл облысы Жамбыл ауданының Қызыл-Октябрь колхозында жұмысшы болып бастаған.
1990 жылдары Жамбыл облыстық атқару комитетінің төрағасы, кейін Жамбыл облысының әкімі, Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі қызметін атқарды.
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының бірінші, екінші, үшінші және төртінші шақырылымдағы депутаты болды.
Парламент Сенатында 16 жылдан астам қызмет атқарды.