Ұлттық музейге – 10 жыл
Қазақ бейнелеу өнерінің жауһарлары жұрт назырына ұсынылды.
Елордада «Дала кескіндемесі: рәміздер, бояулар, бейнелер» атты сурет көрмесі өтті. Онда Әбілхан Қастеевтен бастап 50-ге жуық қыл қалам шеберлерінің таңдамалы туындылары қойылды. Тереңнен тамыр тартқан төл мәдениетіміз бен тарихымыздан сыр шертетін 250 сурет көпшіліктің көңілінен шықты. Айта кетейік, салтанатты шара Ұлттық музейдің 10 жылдық мерейтойы аясында ұйымдастырылды.
Айбек Сыдықов, ҚР Ұлттық музейі директорының м. а:
- Көрменің мақсаты қазақ бейнелеу өнерінің тарихын, даму үдерісін көрсету. Сонымен қатар, әлемге танымал классиктерімізбен қатар жас қыл қалам шеберлерінің жұмыстары қойылған. Ұлттық музейде 14 тен астам колекция бар, 200 мыңнан астам жәдігер сақтаулы. Олардың барлығын әрине экспозицияға көрсету мүмкін емес. Сол себепті Осындай көрмелер арқылы болашақта қала тұрғындары мен қонақтарына назарына ұсынып отыратын боламыз.
Сондай-ақ, музей мерейтойын атап өту мақсатында жыл көлемінде 40-қа жуық көрме мен тақырыптық конференциялар өткізіледі. Тіпті, алда әлемдік классик суретші Леонардо До Винчидің де туындысын көпшілік назарына ұсыну жоспарда бар.