Жем өзенінде су деңгейі төмендей бастады
Атырау облысындағы Жем өзенінде су деңгейі төмендей бастады, деп хабарлайды 24KZ.
Вице-премьер Қанат Бозымбаев ел батысындағы жұмысын жалғастырып жатыр. Бүгін ол өңір басшысымен бірге Құлсары қаласынан Ақтөбе облысының шекарасына дейінгі аумақтың үстімен ұшып өтті. Тұрғындармен кездесіп, қарғын суға қарсы іс-қимыл жоспары мен қалпына келтіру жұмыстарының басталуы туралы айтты. Апат салдарынан келген залалды өтеу үшін өтемақы төлемдерінің алгоритмін түсіндірді. Гуманитарлық көмек тарату бекетінде бірнеше ондаған тонна азық-түлік, киім-кешек пен гигиеналық заттар жиналды.