Р. Скляр СҚО-дағы су басу қаупі бар ауылдарды аралады

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Солтүстік Қазақстан облысындағы ахуалмен танысып, Қызылжар ауданының Бескөл, Долматово, Барневка және Большая Малышка ауылдарындағы бөгеттер мен бекіністерді тексерді, деп хабарлайды 24KZ.

Соңғы аталған екі елді мекендегі қорғанысты нығайту үшін қосымша экскаваторлар сұралды.

Айта кеткен жөн, бүгінде өңірде Петропавл қаласы, Тайынша және Қызылжар аудандарында жергілікті сипаттағы төтенше жағдай жарияланған. Облыста су тасқынына қарсы іс-шараларды ұйымдастыру бойынша жедел штаб құрылды. 29 наурыз бен 9 сәуір аралығында облыста 103 үйді су басып, 678 адам қауіпсіз жерге көшірілді. Оның 109-ы – балалар.