Түркістан облысындағы су қоймасының жағалауы тазартылды
«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Түркістан облысындағы Шардара суқоймасының жағалауы тазартылды.
Оған аудандық жастар ресурстық орталығының мамандары мен еріктілер, түрлі мекеме қызметкерлері мен қала тұрғындарынан 200-ге жуық адам атсалысты. Науқан барысында табиғат жанашырлары көл жағалауын ғана емес, арнайы мамандардың көмегімен су түбіндегі қоқыстарды да тазалады. Бұдан бөлек, белсенділер 2500 түп көшет отырғызып, 26 елді мекеннен 175 тонна күл-қоқыс шығарды. Оған 14 техника мен 900-ден астам адам жұмылдырылды. Ал «Таза өлке» апталығы аясында арыстық еріктілер мен колледж студенттері қарттарға құрмет көрсетті. Олар еңбек ардагерлерінің үйіне барып, қора-қопсысы мен ауласын тазалауға көмектесті. Қариялардың батасын алып, көңілін аулады. Дәл осындай игі іс Арыс қаласына қарасты 6 ауылда жалғасты. Дария көңіл қариялар үйіне көмекке келген жастарға алғыстарын жаудырды.
Зәуре Оразбайқызы, зейнеткер:
- Сендерге тек қана денсаулық, үлкен бақыт, үлкен несібе, өмірде орындарыңды жоғалпай, мықты азамат болуға аналық тілектестігімді білдіремін. Әр уаықтта алғыспен көктеп, ғұмырларың ұзақ болып, қазақстанның менмін деген азаматы болуға тілектесіпін. Көп рахмет, одан басқа айтарым жоқ, айналайын!