Билік пен қоғамның сындарлы ынтымақтастығы
Қабылданған құжат отбасындағы зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимылды құқықтық тұрғыдан реттеу ісін қорытындылайды.
Бұл – билік пен қоғамның сындарлы ынтымақтастығының нәтижесі. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. Саладағы алғашқы бастамалар Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі мүшелері берген ұсыныстар негізінде әзірленді. Заңды даярлауға Балалардың құқықтары жөніндегі уәкіл, Ұлттық құрылтай мен Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшелері белсене атсалысты. Қоғамда агрессияның кез келген түріне төзбеушілік ұстанымын орнықтыру керек. Өзара көмек пен сыйластық, басқа адамдарға құрметпен қарау құндылықтарын дәріптеу маңызды.