Ақмола облысында көктемгі егіс науқаны уақытында басталады
Дала жұмыстарына тасқын салдары кедергі емес.
Бұл туралы ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы айтты. Биыл жергілікті диқандар 5 миллион 300 мың гектардан астам жерді игереді. Оның 90 пайызына астық дақылдары себіледі. Жеңілдетілген бағамен 80 мың тонна жанар-жағармай бөлінді. Шаруалар тұқымнан да таршылық көрмейді. Қазіргі уақытта 530 мың тонна тұқым қоры дайындалған.
Кенеш Әлімжанов, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы:
- Қазіргі уақытта жергілікті шаруалардан тасқынға байланысты арыз, өтініш түскен жоқ. Иә, біраз алқап су астында қалды. Бірақ, ол бізге кедергі болмайды. Тек тасқын салдарынан бүлінген жолдар қалыпқа келтіріліп, көлік қозғалысы жанданса болғаны.