Елде жаңа жол белгілері енгізіледі
Енді электрокөліктерге иелері арнайы белгі жапсыруға тиіс.
Мамыр айынан бастап осындай талап күшіне енеді. Жол бойындағы тағы бір жаңалық бірнеше жаңа жол белгісі енгізілген.
6 мамырдан бастап жол жүру қағидаларына енгізілген өзгерістер күшіне енеді. Мұнда жолдағы қауіпсіздікті нығайтуға арналған бірнеше заң қабылданған. Мәселен бұған дейін қос жалпақ сызықты кескені үшін жүргізуші айыппұл арқалайтын болса, енді біртұтас сызықты да кесіп өтсе жауапкершілікке тартылады.
Ақтоты Боранова, ҚР ІІМ әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы:
- Біртұтас таңбалау сызығы дейміз ғой соны кесіп өткені үшін жауапкершілік өзгерді. Енді бірде бір белгісімен белгіленген және үште жиырма басып озуға тыйым салынған белгісімен белгіленген екі жолағы бар және екі жақты жолға шығу бұдан кейін қарсы жүріс жолағына шығу болып есептеледі. Сонымен қатар елді мекендегі автобустардың жылдамдығын сағатына 50 км-ге дейін төмендеттік.
Жол қозғалысы қауіпсіздігін нығайту үшін бірнеше белгілер қосылды. Мәселен электрокөліктер иесі қолдануы тиіс міндетті айырым белгісі, диагональды жаяу жүргіншілер өткелі белгісі, қарама-қарсы жүріс бөлігінің соңы, қарама-қарсы жүріс бөлігіне қайта ауысу белгілері енгізілді. Сондай-ақ жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін тротуарларға электрлі самокаттардың жүрісіне тыйым салынады деген белгі қойылатын болады.
Ақтоты Боранова, ҚР ІІМ әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы:
- Электросамокат басқаратын адам міндетті түрде шлеммен жабдықталған. Егер қараңғы мезгілде басқаратын болса онда жарық қайтарғыш желет киіп алуы керек. Сонымен қатар көлікке арналған жолдың жиегімен бақсаратын болса, міндетті түрде 18 жасқа толған және де жүргізуші куәлігінің кез келген санаты болуы керек.
Бұған дейін тірек-қимыл аппараты бұзылған 1 және 2 ші санаттағы мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін бірнеше жеңілдіктер болған. Олар арнайы мүгедектерге арналған тұрақ белгісіне немесе тыйым салынған аймақтарға тоқтай алатын. Енді бұл қатарға тірек-қимыл аппараты бұзылған 3 санаттағы ерекше жандар да қосылды. Бірақ олардың көліктерінде арнайы мүгедектікті білдіретін танымдық белгі болуы тиіс
Авторы: Зарина Кәп