Түрі басқа болғанымен тілегі бір

Бірліктің арқасында қазақ елі де біраз жетістікке жетті.

Іргесі берік, түтіні түзу.

Қазір елде болып жатқан су тасқыны да,.. ел біріксе алынбас қамал жоқ екенін көрсетті. Қазақстан халқы Ассамблеясы да су басқан өңірлерге барынша көмек көрсетіп жатыр. Бүгінге дейін Астана қалалық штабы 45 млн теңгенің гуманитарлық жүгін жіберді. Бұл жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады.

Қазақстан халқы Ассамблеясының Астанадағы штабы тасқыннан зардап шеккен өңірлерге жан-жақты көмек көрсетіп жатыр. Осы уақытқа дейін Ақмола, Қарағанды, Ақтөбе және Солтүстік Қазақстан облыстарына гуманитарлық жүк жөнелтті.

Хасан Шәріпов, гуманитарлық көмек көрсету бойынша қалалық штаб жетекшісі:

- Біз бүгін Қазақстан халқы Ассамблеясының гуманитарлық көмек жинау пунктіне келіп тұрмыз. Аға, осы гуманитарлық көмек пунктінен, Ассамблея тарапынан осы уақытқа дейін қанша көмек көрсетілді?

- Бүгінгі күнде біз 45 млн теңгеге қаражат көмек көрсетілді. Біздің Қарағанды, Акмолинская область, Петропавловская область 42 тонна жүк жіберілді, халыққа елге көмегіміз.

- Бұл жерде қандай көмектер көрсетіп жатырсыздар? Азық-түлікті көріп тұрмын, тағы басқа қандай заттар бар?

- Бізде міне заттар бар, су бар, азық-түлік, ұн, қант, киім-кешек, постельное бельелар бар. Адамдар киім-кешексіз қалған, қашып шыққа үйлерден. Жаңа, міне, бәрі. Жаңа киім-кешектер, міне. Бәрі тұр.

Бүгінге дейін Ассамблеяның Астанадағы штабынан 7 жүк көлігі жолға шықты. Жүк арасында азық-түлік, киім-кешекпен қатар, моторлы қайық, күрек, қолшамдары сияқты керек-жарақтар бар. Қалалық штаб жетекшісінің айтуынша, Ассамблея мүшелері бұл іске бір кісідей атсалысып жатыр.

Хасан Шәріпов, гуманитарлық көмек көрсету бойынша қалалық штаб жетекшісі:

- Бұл көмектерді Қазақстан халқы Ассамблеясының барлық ұлттарының бірлік, татулығының арқасында болып жатыр, біріншіден. Екіншіден, біздің Қазақстан хзалқы Ассамблеясында әрбір ұлттың кәсіпкерлері бар. Бұл кәсіпкерлер де көмек беріп жатыр. И Астана қаласының халқы өзінің бар көмегін алып келіп жатыр біздің штабқа.

Иә, игі іске елордалықтар да қомақты үлес қосып отыр. Бұл біздің парызымыз дейді олар. 

Мақсат Наушыбек, қала тұрғыны:

- Көмектесу қажет. Көмектесу біздің азаматтық борышымыз. Осындай қиын-қыстау заманда бір-бірімізді қолдау арқылы елімізді, жерімізді аман сақтаймыз.

Ақжалын Сәулебек, қала тұрғыны:

- Қала тұрғындары атынан көмектесіп жатқанымыз әрине дұрыс деп санаймын. Себебі жұмыла көтерген жүк жеңіл дегендей, бір-бірімізге көмек қолын созу өзімізге сауап, әрі бір жағынан көмек.

Гуманитарлық көмек жинау жұмыстарын 30-ға жуық волонтерлік ұйым жүргізіп отыр. Жиналған затты сұрыптауға 200-ден астам волонтер тартылған. Жақын күндері жүк көліктері Солтүстік Қазақстан облысына жол тартады.

Нұрқанат Қанапия, Бағдат Қайыркен