Ш. Әрінов қорғаныс құрылыстарын тексерді
Атырау облысында Жайық өзені көтерілді.
Қазгидромет мамандарының мәліметінше, Атырау қаласында су деңгейі 538 см-ге жеткен. Ал Индербор ауданында 1033, Махамбет елді мекенінде 955 см-ге дейін көтеріліп, қауіпті межеден асып түсті. Төтенше жағдайлар минстрі Шыңғыс Әрінов су тасқынына қарсы қорғаныс құрылыстарын тексерді. Қазір өңірде үйінді бөгеттері салынып, жаға бекіту жұмыстары жалғасып жатыр.
Жалпы Республика бойынша 11 мыңнан аса тұрғын үй мен 3350 аула аумағынан су сорылды. 7,7 млн қапшық және 1,5 млн тонна инертті материал төселді. Тасқын басталғалы қауіпсіз аймақтарға көшірілген 55 мыңға жуық адам өз үйлеріне оралды. Әзірге 5 мыңнан астам адам уақытша орналастыру пунктерінде қалып отыр.