Орман өртіне кінәлілерге сот үкімі шықты

Семей орманы табиғи резерватындағы ірі орман өртіне қатысты сот үкімі шықты.

Басшылық қызметте болған екі азамат кінәлі деп танылды.

Осылайша «Семей орманы» мемлекеттік табиғи резерватының және «Новошульба» филиалының екі қызметкері 7 жылға бас бостандығынан айырылмақ. Олар «өздеріне жүктелген міндеттерді орындамаған, жағдайды дұрыс бағаламай, қауіпсіздік техникасының сақталуын қамтамасыз етпеген» деп айыпталды.

Кінәлі деп танылған азаматтарға қатысты куәгерлер айғақ берді. Жүргізілген сараптамалар нәтижесінде айып тағылған қызметкерлердің кінәләрі толық дәлелденді.

Естеріңізге сала кетейік, Абай облысында болған алапат өрт кезінде 14 адам қаза тапқан еді.