«Наурыз» бағдарламасы. Бір айда 17 мың өтініш түскен

25 сәуірде іске қосылған «Наурыз» тұрғын үй бағдарламасы бойынша үміткерлерден 17 мыңнан астам өтінім түскен.

Алайда оның 9 мыңға жуығы ғана қабылданды. Бұл туралы «Отбасы банк» басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова айтты.

Оның сөзінше, қабылданған өтінімдердің 4 мыңдайы әлеуметтік осал топ өкілдерінен болған. Олардың ішінде көпбалалы отбасылар, жетім балалар және тұрғын үйлері апатты деп танылған азаматтар бар.

Өтініш берушілердің 62 пайызы 35 жасқа дейінгі жастар. Ең жас үміткер Түркістан облысында тұрады, оның жасы 18-де.

Жансұлтан Матай, "Отбасы банк" АҚ филиалының директоры:

- 2436 өтінім қабылданған жоқ. Оның негізгі себебі клиенттердің депозиттерінде 1 млн теңге қажетті соманың болмағаны. Бұл Наурыз бағдарламасына қатысудың негізгі шарттарының бірі. Сондай-ақ тұрғын үйлері бар адамдардың өтінімдері қабылданған жоқ.