Әкім орынбасары пара алды деген күдікке ілінді
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті облыстағы аудан әкімдері орынбасарларының бірі мен бөлім басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.
Лауазымды тұлғалар аудандық маңызы бар автожолдарды ағымдағы жөндеу бойынша орындалған жұмыс актілеріне кедергісіз қол қойғаны және жалпы қамқорлығы үшін кәсіпкерлік субъектінен 10 млн теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінді.
Тергеу сотының санкциясымен «қамауда ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.
Тергеу жалғасып жатыр.
Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.