Ұлттық қауіпсіздік комитеті Бішкектегі оқиғаларға қатысы бар ақпаратты жоққа шығарды
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі Бішкек қаласындағы түнгі тәртіпсіздіктерден кейін пәкістандық студенттердың Қырғызстаннан Қазақстанға өтуге жиналып жатқаны туралы ақпаратты жоққа шығарды.
Бұған дейін кейбір БАҚ-та осыған қатысты ақпар шыққан еді. Айта өтейін, Қазақстан-Қырғызстан мемлекеттік шекарасындағы бақылау-өткізу пункттері штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Екі елдің шекарашылары Бішкек қаласындағы жағдай туралы үздіксіз ақпарат алмасып отыр.