С. Жұманғарин егіс науқаны кезінде өңірлерді аралады
Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров пен салаға жетекшілік ететін вице-премьер Серік Жұманғарин жаппай егіс науқаны кезінде өңірлерді аралай бастады, деп хабарлайды 24KZ.
Әсіресе шегірткелерден қауіп төнуі мүмкін аудандар қатаң бақылауға алынады. Премьер-министр орынбасары Түркістан облысына барып, фитосанитарлық жағдаймен танысса, министр қостанайлық диқандармен кездеседі. Шаруалардың несиелеріне 85%-ке кепілдік беру бойынша түсіндіру жұмыстары да жүргізіледі.