Жазғы демалыс. Ата-аналар назарына!
Туризм және спорт министрлігі жазғы демалысқа арналған тегін іс-шаралар тізбегін ұсынады.
Оған сай, биыл еліміздің түкпір түкпірінде 500-ге тарта спорттық-сауықтыру жиындары өтеді. Соның ішінде асық ату, жамбы, тоғызқұмалақ сынды ұлттық спорт түрлерін жастар арасында насихаттау көзделген.
Бұл тұста әсіресе лагерьлердің жұмысы қызатыны белгілі. Сондықтан Денсаулық сақтау министрлігі балалардың қауіпсіздігіне қатысты талаптарды қатаң ұстауды ескертеді.
Атап айтсақ, әрбір лагерьде санитарлық-эпидемиологиялық қорытынды қағазы болуы шарт. Бұған қоса, барлық орталық, санитарлық қызмет мамандарымен қамтылуы тиіс.
Биыл ойын-сауық орталықтары басшыларының қатысуымен 100-ден астам оқыту семинары өткізілген. Егер қандай да бір заң бұзушылық анықталған жағдайда жедел желіге ауызша не жазбаша түрде жүгінуге болады.