Ақмола облысында өртке қарсы оқу-жаттығу жиыны өтті
Ақмола облысында республикалық көлемде «Өрт -2024» оқу-жаттығу жиыны өтіп жатыр, деп хабарлайды 24KZ.
Оған 300-ден астам адам, 100-ге жуық техника жұмылдырылған. Төтеншеліктер арнайы өрт қойылған орман алқаптарын өзге құрылымдармен бірлесіп, қызыл жалынға қарсы дайындықтарын пысықтауда.
Мерей Қанапия, тілші:
- Біз Ақмола облысына қарасты Сандықтау аудынында тұрмыз. Бұл аумақ өртке қарсы жаттығу жұмыстарын жүргізуге өте күрделі болғандықтан таңдалынып алынған. Себебі бұл жақтың жер бедері орманды әрі таулы болып келеді. Қазір сценарий бойынша орманды алқапқа жасанды өрт қойылуда. Оны жедел сөндіру үшін жерден, әуеден техникалар жұмылдырылып жатыр.
Мысалы төтеншеліктердің екі тікұшағы жақын маңайдағы арнайы қоймадан су тасып, жоғарыдан сөндіріп әлек. Жаттығу жиынына Төтенше жағдайлар министрлігінен бөлек Экология және табиғи ресурстар министрлігінің және жергілікті облыстық әкімдік өкілдері қатысып жатыр.
Егер өрт болған жағдайда ең бірінші бейбіт тұрындардың зардап шегетіні белгілі. Сол жағдай жаттығу барысында жақсы ойластырылған. Мысалы өрттен жапа шеккендерге осындай алғашқы медициналық көмек көрсететін және психологиялық жәрдем беретін штабтар тігілген. Сондай-ақ жиын барысында жергілікті төтенше қызметкерлеріне су жаңа 10 өрт сөндіру көлігі табысталды.
Авторы: Мерей Қанапия