Ақтөбеде биыл оннан астам электромобиль сатылды

Елде электромобиль көбейіп келеді.

Ақтөбенің өзінде 80-нен асты. Бірақ бұл аз, дейді мамандар. 

Өйткені қалада бұл көлікке қызмет көрсететін және электр энергиясымен қуаттайтын орын жоқтың қасы.

Алмаз Лұқпанов электромобиль сататын қаладағы тұңғыш автосалонда жұмыс істейді. Жарты жылда оннан астам көлік сатқан. Сұраныстың аздығын жұрт арасында қалыптасқан жаңсақ пікірмен байланыстырады. Электр қуатымен жүретін темір тұлпардың кәдімгі көлікке қарағанда артықтышылығы өте көп дейді. Экологияға ешқандай зияны жоқ және май тұтыну көрсеткіші де аз.

Алмаз Лұқпанов, автосалон менеджері:

- Қызығушылығы бар, бірақ қалыптасқан стереотиптер үшін, Қытай деген, электромобиль. Бұл именно стереотиптар. 2022 жылы енді бастап, үлкен партиялармен Қазақстанға кіріп жатты. Сол моменттен бастап қарасақ, ешқандай нерешаемой деп айтсам проблемалар болған жоқ. Қорқатындай ештеңе жоқ.

Бүгінде облыста электрокарлар саны 100-ге де жетпейді. Бұл көлік те техникалық байқаудан өтіп, иесі жыл сайын сақтандыру полисін алуы керек. Тек шетелден жеткізілгенде утилизациялық алымды төленбейді. Полиция қызметкерлері электомобилдер үшін де жайлы орта қалыптастыру керек дейді.

Еркін Өтеген, облыстық ПД Әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары:

- Бұлар да көлік құралдарына жатады. Сол себептен қазіргі уақытта бұлардың сервистері аз. Яғни жөндейтін мекемелер көбірек ашылса деп полиция қызметкері ретінде айтам. Сонымен қатар және күш-қуат беретін құрылғыларды көп жерге қою қажет деп есептейміз.

Бұл көлік құралының ерекшелігін эколог мамандар да айтып жүр. Ал, облыс орталығында бар 100 мың көліктен жыл сайын 50 мың тоннаға жуық зиянды заттар шығып, ауаны ластайды екен. Бұл өндіріс орындарынан бөлінетін қалдықтан екі есе көп. Мұндай деректер рейд жұмыстары кезінде анықталған.  

Нұрбиға Айтжанова, экология департаментінің бөлім басшысы:

- Біз автокөліктерге шығарындыларын өлшеу жұмыстарын жүргіземіз. оксид углерода, углеводорода деген, дымность деген көрсеткіштерден ескі машиналардан шығарындылардың шекті концентрациясынан көбеюі болып тұрады. Ал электромобильдерді біздер әлі өлшеп көрген жоқпыз. Бірақ та олардың технологиясы бойынша олардан ешқандай шығарындылар болмайды. 

Дегенмен, электромобилдер үшін қалада жалғыз сервистік қызмет көрсету орталығы мен екі ғана қуаттау орны бар. Көлік иелері алдағы уақытта жағдай түзелер деген үмітте. 

Әнуарбек Мырзатайұлы, Болатбек Молдағалиев