Сенат несие берудегі тәуекелді азайту туралы заңды қарады

Артық несие алуға шектеу қойып, жұбайының келісімінсіз кредит алуға тыйым салу.

Бүгін "несие берудегі тәуекелдерді азайту туралы заң" Сенатта бірінші оқылымда қаралды. Құжат қарыз алушылардың құқықтарын қорғау, қаржы нарығын реттеу және атқарушылық іс жүргізуді жетілдіруді көздейді. Жобада несиесі 90 күннен бері төленбеген азаматтарға кредит беруге тыйым салу да қарастырылған. Сонымен қатар әскерде жүрген борышкерге несие төлемдерін кейінге қалдыру мүмкіндігі берілмек. Заңда азаматтардың проблемалық берешегін реттеуді ынталандыратын талаптар да бар. Мәселен, 2026 жылғы 1 мамырға дейін банктер мен микроқаржы ұйымдарының қарыздарды коллекторларға беруіне мораторий енгізіледі. Сондай-ақ биометриялық сәйкестендірусіз электрондық несие беруге тыйым салыну ұсынылып отыр. Айта кетейік, сенат депутаттары, бірқатар түзетумен заң жобасын, Мәжіліске қайтарды.