Шымкентте жүк вагондардың аударылуы жиіледі
Шымкентте жүк вагондарының рельстен шығып, аударылуы жиіледі.
Биыл кәсіпорындар үшін салынған төрт темір жолда 6 вагон аударылған. Ал былтыр осындай 14 оқиға тіркелді. Соның кесірінен жүздеген кәсіпкер тауарын уақытылы жеткізе алмай, мол шығынға ұшырады. Көлік прокурорларының мәлімдеуінше бұл жағдайға теміржолдардың тозуы себеп. Сонымен қатар жүк тасымалы бөлімшесіне қарасты станцияларда теміржол пайдалану тарифінің негізсіз өскені анықталды. Мысалы, Манкент станциясының басшылығы бос тұрған вагон үшін жүк жөнелтушіден 800 мың теңге талап еткен.
Мақсат Рақыш, қалалық көлік прокурорының орынбасары:
- Жергілікті станция қызметкерлері кәсіпкерлерден станса жолдарында вагондардың тоқтап қалуы, жүкті беру, жинау, сақтау, пайдаланғаны үшін төлемақы және жүк жөнелтушілерден алушының кінәсі болмаған вагондар мен жүк жөнелткен кезде тарифті асыра пайдаланғаны үшін төлемдерді негізсіз есептеу арқылы кәсіпкерлердің құқықтарына нұқсан келтіру деректері анықталуда.
Майя Исаева, қалалық кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары:
- Қазір бұл мәселелер орталық органдардың бақылауында. Сондықтан шешіледі деп ойлаймыз. Көлік прокурорларымен өткен кеңесте кәсіпкерлердің қиындықтарын жеткізіп, бірсыпыра сұраққа жауап алдық.