Оралда саяжайлардағы 352 үй жарамсыз болып танылды
Оралда бау-бақша серіктестіктерінде орналасқан 352 үй жарамсыз деп танылды.
Техникалық тексерістің қорытындысы осындай. Бұл жұмыс әлі де жалғасады. Облыс орталығында 14 жарым мың саяжай учаскесін су басса, соның 9 мыңға жуығында үй-жай бар. Залалды өтеу жөніндегі өтініштерді қарау кезінде екі жарым мыңнан астам тұрғынның саяжайдағы үйі жалғыз баспанасы екені анықталды. Әзірге оларға техникалық тексеру, бағалау жүріп жатыр.
Азамат Халелов, қала әкімінің орынбасары:
- Егер авариялық деп танылған жағдайда өз қорытындысын береді. Оған сәйкес ол комиссия отырысында қаралады. Тиесілі адам саны, қандай квадатура, шаршы метр, бұрын қандай үй болған, соның бәрі қаралып, тиісті пәтерлер берілетін болады. Комиссия отырысы, төлеу жұмыстары әлі басталған жоқ. Бірінші отырыс жоспарланып отыр осы аптада. Осы аптадан бастаймыз жұмысымызды.