Жезқазғанда жылыту маусымы 10 қазанда басталады. LIVE
Биыл Жезқазған жылу электр орталығында қыруар жұмыс атқарылды.
Екі қазандық ағымдағы жөндеуден өтті. Ал қалған екеуінде күрделі жөндеу жұмыстары кестеге сай жүріп жатыр. Бұдан бөлек 13 шақырымға жуық құбыр ауыстырылды. Жалпы қалада жылыту маусымына дайындық қалай жүріп жатыр?
Елдос Кәкенов, тілші:
- Жұмыстың көп бөлігі қазірдің өзінде аяқталды. Дегенмен әлі де қаланың бірнеше жерінде құбыр ауыстыру жұмыстары жүріп жатыр. Оның барлығы алдағы аптаның ортасына дейін толық бітуі тиіс. Себебі қалада жылыту маусымы 10 қазанда басталады деп жоспарланып отыр. Қазір менің жанымда Жезқазған қаласы әкімінің орынбасары Берік Әбен тұр. Дайындық жұмыстары туралы толығырақ сол кісіден сұрап білсек. Берік Әбдікамалұлы, облыс орталығы жылыту маусымының басталуына қаншалықты дайын?
Берік Әбен, қала әкімінің орынбасары:
- Әлеуметтік нысандар мен көпқабатты үйлердің дайындығы туралы айтады.
- Жылу орталығының дайындығы қалай? Қанша қазандықпен бастайды маусымды?
- Жылу электр орталығының дайындығы туралы айтады.
Жезқазғанда бірнеше жылдан бері газдандыру жобасы жүзеге асып келеді. қазір мұнда 4 шағын ауданда 1 мыңнан астам абонент көгілдір отынға қосылған. Мамандар бұл жылу орталығына түсетін салмақты айтарлықтай төмендетті дейді. Тағы бір айта кететін жайт, Жезқазғанда әсіресе қыс мезгілінде электр жарығы жиі сөнетін. Оның алдын алу үшін биыл 200 шақырымға жуық электр желісі мен 100-ден астам қосалқы станция жөнделді.