СҚО-да референдум барысын қоғамдық ұйымдар бақылады

Солтүстік Қазақстан облысында республикалық референдум барысын 10-ға жуық қоғамдық бірлестік бақылады.

Үкіметтік емес ұйым мүшелері күні бойы дауыс беру учаскелерін аралап, саяси науқанды назарда ұстады. Олардың қатарында «Дауыс» қоғамдық байқаушылар коалициясы» бірлестігінің өкілдері де болды. Жергілікті филиал жетекшісі Жанат Мұхамеджановтың айтуынша, қандай да бір заңбұзушылықтар анықталған жоқ.