Қазақстандықтар өз отбасындағы өзгерістерді бағалайтын сауалнамаға қатысты
Қазақстандықтардың төрттен үші 33 жылдағы отбасында болған өзгерістерді оң бағалайды.
Сауалнамаға қатысушылар өмір сүру ортасының қолайлылығы, жанұя мүшелерінің денсаулығы мен отбасылық кіріске қатысты пікірлерін білдірген. Мәселен, респонденттердің 17%-ы еліміз тәуелсіздік алғаннан бергі уақытта табысының «әлдеқайда жақсарғанын» айтса, 55 пайызға жуығы «жақсарды» деп жауап берген. Сауалнамаға қатысушылардың 19,5 пайызы табысында еш өзгеріс жоқ десе, 8 пайызға жуығы пайызы нашарлады, тағы 1 пайызы айтарлықтай нашарлағанын айтқан. Респондеттер сонымен қатар өздері тұратын қала немесе ауылдағы өмір сапасына қатысты сұраққа жауап берген. Сауалнамаға қатысушылардың 13 пайыздайы әлдеқайда жақсарды десе, 59 пайызға жуығы көңілдері толатынын айтқан. 21%-дайы еш өзгеріс жоқ десе, 7,2 пайызы өмір сүру ортасының нашарлағанын және 0,6% айтарлықтай нашарлағанын айтқан. Айта кетейік, әлеуметтік сауалнамаға 8000 адам қатысқан. Сауалнама 17 облыс пен республикалық маңызы бар қалаларда жүргізілді.
Табыстағы өзгерістер
17,2% әлдеқайда жақсарды
54,7% жақсарды
19,5% өзгеріс жоқ
7,6% нашарлады
1,1% айтарлықтай нашарлады
Тұратын қаласындағы/ауылындағы өмір сапасы
12,6% әлдеқайда жақсарды
58,7% жақсарды
20,9% өзгеріс жоқ
7,2% нашарлады
0,6% айтарлықтай нашарлады