Түркістан облысында 52 мың га жер мемлекет меншігіне қайтарылды
Биыл игерілмей жатқан немесе заңсыз пайдаланылған ауыл шаруашылығы мақсатындағы 60 мың гектар жер учаскесін ортақ меншікке қайтару жоспарланған еді. Кей ауданда жұмыс жүйелі жүргізілмей, салдарынан жоспар толық орындалмаған, деп хабарлайды 24kz.
Жауаптылар бұл туралы облыс әкімдігіндегі жиында айтты. Облыстық жер қатынастары басқармасы басшысының мәліметінше, былтырғы жылдың басында жайылым тапшылығы 2 млн 122 мың гектар болса, биыл қайтарылған жер есебінен 608 мың гектарға дейін төмендеген.
Ерғали Тілеген, облыстық жер қатынастары басқармасының басшысы:
- Қазіргі таңда өз еркімен қайтарылған жердің көлемі 36 мың, сот тәртібімен 5,3 мың, иесіз мүлік ретінде есепке алынғаны 1100 гектар, келісімшартты бұзу арқылы 9,3 мың гектар жер. Енді жекелеген аудандары бойынша Бәйдібек, Сарыағаш, Түлкібас, Созақ аудандары жылдың соңына дейін жерді қайтару жұмыстарын жүргізу керек. Нақты қайтарылған жерді аудан әкімінің қаулысымен бізге бекітіп беруі керек, сонда біз есепке алып, министрлікке ұсынатын боламыз.