8 млн-ға жуық қазақстандық декларация тапсырудан босатылады

Президенттің тапсырмасы бойынша 8 миллион қазақстандық табысы туралы декларациядан босатылады. Бұл туралы Қаржы министрі Мәди Такиев хабарлады. Бұл жеке компаниялардың қызметкерлеріне, зейнеткерлерге, үй шаруасындағы әйелдерге және студенттерге қатысты болады.

Мұндай қадамға мәліметтер базасын цифрландыру және қолма-қол ақшасыз төлемдерді дамыту арқылы қол жеткізілді. Үкімет басшысы бұл бастаманы қолдап, Парламентке өзгерістер енгізу үшін заңнама дайындауды тапсырды.

 Айта кетейік, бүгінгі таңда жалпыға бірдей декларациялау жүйесіне шамамен 5 миллион адам кірді. Олардың қатарында мемлекеттік қызметкерлер, коммерциялық ұйымдардың басшылары, квазимемлекеттік сектор қызметкерлері, сондай-ақ шетелде ірі активтері бар қазақстандықтар бар.

Олжас Бектенов, ҚР Премьер-министрі:

- 2025 жылы азаматтардың қалған барлық санаттары да декларация тапсырады деп жоспарланған болатын. Оған халық алаңдаушылық білдірді, сондықтан аталған мәселеге Мемлекет басшысы өзінің назараны аударды. Бүгінде мемлекеттік органдардың деректер базасы цифрландырылған қаржылық және валюталық бақылау күшейтілді. Халықаралық келісімдер шеңберінде шоттар алмасу жолға қойылды. Цифрлық қызмет көрсету кең таралған. Сондықтан жалпы алғанда жеке тұлғалардың активтері бойынша барлық ақпарат бар. Сондықтан мен 2025 жылы азаматтардың қалған санаттарын активтер туралы декларацияларды міндетті түрде тапсырудан босату туралы Қаржы министрінің ұсынысын қолдаймын.