О. Бектенов: Бірыңғай уақыт белдеуі туралы шешім өте терең ғылыми зерттеулер негізінде қабылданды
Бірыңғай уақыт белдеуі туралы шешім өте терең ғылыми зерттеулер негізінде қабылданды.
Премьер-министр Қостанай облысына жұмыс сапарымен барып, еңбек ұжымдарымен кездесуі барысында осылай деді. Кәсіпорын қызметкерлерінің айтуынша, 6-шы уақыт белдеуі табиғи уақытқа сәйкес келмеген. Ал 5-белдеуге өтуіміз тұрмыстық процестерді жеңілдетті. Олжас Бектенов өз кезегінде табиғи уақыттың тұрғындар денсаулығына және әл-ауқатына оң әсері туралы ғылыми дәлелденгеніне назар аударды. Сондай-ақ Ю-ти-си+5 белдеуі арқылы уақытты күн цикліне сәйкес келтірдік, деді.
Олжас Бектенов, ҚР Премьер-министрі:
- Қазір бірыңғай уақыт белдеуіне ауысу кейбір адамдарға ыңғайсыздық тудыруы мүмкін. Бірақ ағза бірітіндеп үйренеді. Егер өңірлерде қандай да бір қолайсыздықтар болса, біздің еңбек заңнамамыз мүмкіндік беретін инфрақұрылымды, жарықтандыруды, ыңғайлы кестені ұйымдастыру арқылы жұмыс істеу қажет. Осы мәселелердің барлығын әрі қарай шешетін боламыз.