Қазақстандықтарға 3,4 трлн теңгеден астам зейнетақы төленді
Мемлекеттің әлеуметтік саясаты аясында биыл да бірақатар шаралар атқарылды.
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 3,4 трлн теңгеден аса зейнетақы төленді. Оның ішінде базалық зейнетақы төлеуге 1,8 трлн теңгеден астам, ал ын-ымақты зейнетақыға 2,3 трлн теңгеден аса, қаражат қарастырылды. Ілкімді істің игілігін 2 млн 428 мың зейнеткер көрді. 1 желтоқсандағы жағдай бойынша жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 131 556 теңге. Оның ішінде ынтымақты зейнетақы 88 967 теңге, ал базалық зейнетақы 42 589 теңге көлемінде болды.
3 трлн 436,4 млрд теңге - зейнетақы төленді
2 млн 428 мың адам - зейнетақы алды
зейнетақының орташа мөлшері - 131 556 теңге
ынтымақты зейнетақы - 88 967 теңге
базалық зейнетақы - 42 589 теңге