Жедел тергеу тобына ТЖМ көмектесіп жатыр

Айта кеткен жөн бұған дейін  Төтенше Жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов апат аумағына барғанын айтқан едік.

Күштік құрылым тарапынан авариялық құтқару жұмыстарына 482 адам, 97 бірлік техника және 2 әуе кемесі мен 4 кинологиялық есептоп жұмылдырылған. Сондай-ақ Қазақстан, Ресей, Әзербайжанның төтенше жағдайлар министрліктері өкілдері бейнебайланыс арқылы шұғыл ақпарат алмасуда.