Ұрпақ тәрбиесін ұлықтайтын комиссия

Атырау облысы әкімінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия 2024 жылды қортындылады.

Отбасы құндылықарын дәріптеп, жас ұрпаққа саналы тәрбие беру мақсатында құрылған комиссия түрлі мекемелермен бірлесіп 100-ге тарта тәрбиелік іс-шара өткізді. Олар облыс орталығындағы 60 мектепті аралап, түсіндірме жұмыстарын ұйымдастырды. Кейінгі жылдары мектеп қабырғасында жүрген қыз балалардың ерте жүктілігі тікерліп жүр. Былтыр облыс бойынша осындай 105 дерек тіркелсе, биыл ол екі есеге азайыпты. «Бұл комиссия жұмысының жемісі деуге толық негіз бар. Бүгінде мектептер жанында «Әкелер кеңесі», «Аналар қоғамы» секілді қоғамдық ұйымдар құрылып жұмыс бастады. Одан өзге «Мерейлі отбасы», «Бақытты отбасы» секілді тәрбиелік шараларды өткізу дәстүрге айналған», - деді комиссия хатшысы Зәмзәгүл Жалмурзина.

Зәмзәгүл Жалмурзина, Атырау облысы әкімі жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссиясының хатшысы:

- Бұл жерде жұптасқандарына 50-60 жыл, 25 жыл сонымен қатар жас отбасыларына куәлік беру мәселесі бізде жыл сайын дәстүрге айналған. Ол жерге біз қала-аудандардан ең үлгілі, өнегелі отбасыларын қатыстырамыз және жастарды әрбір өңірден аламыз және оларға куәліктер тапсырамыз. Неге? Өйткені жауапкершілігін арттыру, бұрынғы аға-апаларының жақсы жолын бойларына сіңіру.