Жетісу облысында полиция шетелдік жүргізушіге көмектесті

Полиция қызметкерлері Алматы-Өскемен республикалық маңызы бар тасжолында көлігі істен шыққан Түркия азаматына көмек көрсетті, деп хабарлайды 24KZ.

Елді мекендерден шалғай жерде туристтің көлігі бұзылып, қолайсыз жағдайға тап болған. Тәртіп сақшылары жол жиегінде тоқтап тұрған автокөлікті байқап, оның тоқтау себебін анықтау үшін жақындаған. Кейін техникалық ақауды анықтап, жүргізушіге оны жөндеуге көмектесіп, сапарын жалғастыруға мүмкіндік берді. Шетелдік саяхатшы полиция қызметкерлерінің жылдамдығы мен жанашырлығына шынайы ризашылығын білдірді.