Жезқазғанда Президент атынан жаңа жылдық шырша өтті
Шараға 200 бала қатысты.
Ұлытау облысының әкімі Дастан Рыспеков бүлдіршіндерді мейраммен құттықтады.
«Бейбіт күннің бақытты ұрпағысыңдар! Қауіпсіз қоғамда еш уайымсыз өсіп-жетілулеріңе бар-күш жігерімізді салудамыз. Ал сіздер жақсы оқып, еліміздің лайықты азаматы атануға тырысыңыздар!», – деді облыс әкімі. Шара аясында театрландырылған қойылымдар, ойын-сауық бағдарламалары ұсынылды. Сондай-ақ балаларға бағалы сыйлықтар табысталды.