2024 жыл сіз үшін қандай болды?
1) 2024 жыл жаман деп айтпаймын. Өзіміздің семьяға қарағанда кіші балам Астанаға көшті, 3 баласы бар.
Ортаншы қызым осыдан пәтер алды. 4 баласымен. Сондай қуаныштар болып жатыр. Жақсы деп ойлаймын осы 24-жыл. Немерелер өсіп жатыр.
2) 2024 жыл еліміз үшін, жалпы мен үшін айтарлықтай есте қалатын жыл деуге болады. Себебі осы жылы мен жаңадан өзімнің қызметімді ауыстырдым. Сонымен қатар осы таяуда ғана бір-екі аптаның жүзінде Астанаға қаласында арнайы байқауға қатысып, содан жеңімпаз атанып, Қазақстан Республикасы жастар саясатының үздігі деген төсбелгіні омарауға таққан болатынбыз. Сосын отбасылық жағынан да жақсы мүмкіндік игілікті істер болып жатыр. Бір сөзбен айтқан кезде осы 2024 жыл жемісті әрі табысты жыл деп айтуға болады.
3) Негізі 2024 жыл мен үшін де жеңісті жемісті жылдардың бірі болды деп айта аламын. Биыл енді магистратураға түстім. Сапалы білім алып жатырмын. Осы жылдың нәтижелі жұмыстардың бірі деп есептеймін. Бұдан бөлек енді биыл өзімнің ойымша кәсіби шыңдалдым. Көптеген семинарларға қатыстық, іссапарларға бардық. Мұның бір нәтижесі дәлелі ретінде биыл енді алғыс хаттармен де марапатталдық. Бұл мен үшін бағалы.