Шымкентте бес құрылыс компаниясы лицензиясынан айырылды

Шымкентте жаңадан салынған көп қабатты үйлерден 556 кемшілік табылды.  

Құрылыс басқармасы компанияларға 176 миллион теңге айыппұл салып, 5 мердігерді лицензиясынан айырды. Ал 80-90 жыл бұрын салынған 67 көп қабатты үй апатты деп танылып, реновация бағдарламасы аясында бұзылмақ. Сонымен қатар тексеріс кезінде тағы 68 көп қабатты үйдің зілзалаға шыдас бермейтіні анықталды. Үйлерге жаңғырту жұмыстары жүргізіліп, нысанның беріктігін арттыруға нұсқау берілді. Бұл туралы басқарма басшысы Олжас Тәжібаев мәлімдеді. Айтуынша қала аумағында 2024 жылы салынған 92 көп қабатты үйдің техникалық жағдайы жіті бақылауда болады.

Олжас Тәжібаев, қалалық құрылыс басқармасының басшысы:

- Кемшіліктерді болдырмау үшін біздің құрылыс басқармасы тарапынан мердігер мекемелермен келісім шарт түзілген кезде кепілдік мерзімін 5 жылдан 7 жылға дейін создық. Жауапкершілікті күшейту мақсатында бірінші міндеттемені техникалық қадағалаушылар мен авторлық қадағалаушыға жүктеп қойдық.