Заң мен тәртіп: Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты хабарламалар 20%-ке азайды
Өтіп бара жатқан жылдың есте қаларлық оқиғасы көп. Әсіресе «Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы заңның» қабылдануы көпшілікті қуантқаны рас. Соның нәтижесі болар биыл отбасылық зорлық-зомбылыққа қатысты хабарламалар 20 пайызға азайған.
«Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы заңға» мемлекет басшысының өзі бастамашы болды. Қабылданған құжат талабына сай жеңіл дене жарақатын салу мен ұрып-соғу – қылмыс саналады. Биыл отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласында 27 мың адам әкімшілік қамауға алынды. Әзірге криминализацияланған баптар бойынша көрсеткіш көп емес. Себебі қылмыстық істі жүргізу уақытты талап етеді. Қазір мыңға жуық адам полиция есебінде тұр.
Ақмарал Серікбаева, ҚР ІІМ ӘПК Ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы:
- Егер өткен жылдың 11 айында бізге 89 мыңнан астам арыз-шағымдар мен хабарламалар түскен болса 72 мыңнан алдын алу шаралары күшейді. Отбасылық тұрмыстық қатынастар 69 мыңнан астам 17 мың құқық бұзушы әкімшілік қамауға алынды.
Заң мен тәртіп: Елордалық ұлттық ұлан 40 қылмысты әшкереледі
ІІ органдары оның ішінде Ұлттық ұлан сарбаздары да тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күреске белсене қатысып жүр. Қылмыспен күрес те назарда. Елордалық ұлттық ұландықтар биыл 40-тан аса қылмыстық құқық бұзушылықты анықтады.
Еламан Абиір, Қатардағы жауынгер:
- Қызық оқиғаның бірі 18 қараша күні 20:30 уақытында күдікті кісіні біздің маршрутымыздан байқадық. Сол кісіні көрші маршрутқа баяндап, мағлұмат тастап кеттік. Содан кейін келесі маршрутты тексеруге кеттік. 20 минуттан кейін бізге жаңағы кісінің ұсталғаны туралы рапорт түсті. Біз сол жерге жедел жетіп, сол кісімен сұхбат барысында қалтасында 65 грамм есірткі бары анықтадық. Жедел полиция бөлімшесіне жеткіздік 5573 үлкен назар аударады.
Бұл Астанадағы «Үркер» тұрғын үй алабында орналасқан 55-73 әскери бөлімі. Мұнда жауынгерлік дағдыны шыңдап, елорда қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жағдай жасалады.
Тимур Рахимов, ҚР Ұлттық ұланының Астанадағы 5573 әскери бөлімі командирінің орынбасары:
- Президентіміз биылғы Жолдауында әскердегі тәртіпті нығайтуды тапсырды. Осы ретте әскери бөлімдердің басшылары нақты шаралар қабылдап жатыр. Тәрбие жұмыстарын күшейтуге ден қоямыз. Әр сарбазбен жеке жұмыс істейміз. Психологпен жұмысты күшейтіп жатырмыз. Жаңа инновациялық амалдар да қабылданды. Ең бастысы құқық бұзушылықтың алдын алу.
Президент бастамасымен қолға алынған «Заң және тәртіп» қағидатын бұлжытпай іске асыру – мемлекеттік органдар мен құқық қорғау құрылымдарының міндеті.