Жетісу облыстық Полиция департаментіне 40 қызметтік көлік берілді
Су жаңа автомобильдер аудан, қалаларға төрт-төрттен жіберіледі. Оны учаскелік инспекторлар, табиғатты қорғау бөлімшесінің және кезекші бөлім мамандары мен жол сақшылары тізгіндейді.
Құзырлы орган қызметкерлерінің материалдық-техникалық базасын нығайту үшін алдағы жылы тағы жиырмасын алу жоспарланып отыр. «Автопарктің жаңартылуы аймақтағы қылмыстың алдын-алуға сеп болады», - дейді сала басшысы.
Қайсар Мұхметов, Жетісу облыстық ПД ЖПҚ бастығы:
- Біздің облыс көлемінде жалпы қылмыстардың саны 14 пайызға төмендеп отыр. Оның ішінде қоғамдық орындар мен көшелердегі қылмыстар төмендеп отыр. Бұл - біздің полиция қызметкерлерінің күндіз-түні ерінбей, шаршамай қызметте болуының арқасы деп ойлаймын.