Мәслихат депутаты ерекше балаларға шырша мерекесін ұйымдастырды

Павлодар қаласында ерекше күтімдегі балаларға арналған жаңажылдық шырша мерекесі өтті, деп хабарлайды 24KZ. «Шаңырақ» концерт залындағы шараға көпбалалы отбасылардың бүлдіршіндері де қатысты. Мерекелік кеште балалар жаңажылдық қойылымды тамашалап, сыйлық алды. Шара «AMANAT» партиясының «Бақытты отбасы» жобасы аясында өтіп, облыстық мәслихат депутаты Гнел Акопянның демеушілігімен ұйымдастырылды.

Гнел Акопян, Павлодар облыстық мәслихатының депутаты:

- Бұл шырша мерекесін ерекше балалар үшін ұйымдастырдық. Оларға бар жақсылықты тілейміз. Біз бұл дәстүрді жыл сайын жалғастырып, ерекше күтімді қажет ететін балалар мен олардың ата-аналарына әрдайым қолдау көрсетеміз.