Мемлекет басшысы: Су тасқынынан зардап шеккендерге жан-жақты көмек көрсетілді

Өткен көктемдегі табиғаттың тосын сынағы бәрімізге ауыр тигені сөзсіз. Соған қарамастан, қиын күндерде халқымыз бір-біріне жанашыр болып, мызғымас бірлігін көрсетті. Жаңажылдық құттықтауында Мемлекет басшысы қазақстандықтардың ауызбіршілігін ерекше атап өтті.

Сондай-ақ ол зардап шеккендерге жан-жақты көмек көрсетілгені, мемлекеттің ешкімді назардан тыс қалдырмағанын тілге тиек етті. Үкімет барлық міндеттемесін толық орындады. Жүздеген отбасы Жаңа жылды жаңа шаңырақта қарсы алды.

«Жүйелі реформалар одан әрі жалғасады. Жоспарымыздың бәрі ойдағыдай орындалады. Алдағы жыл бұдан да табысты болады. Мен Президент ретінде бұған бар күш-жігерімді саламын», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің құттықтауында.