Президент уақыт белдеуіне қатысты пікір білдірді
Президент елдегі бірыңғай уақыт белдеуі жайында да пікір білдірді.
«Жағдайды көріп-біліп отырмын. Азаматтарымыз өтініш білдіріп жатыр. Меніңше, қоғамда көзқарас қайшылығын тудыратын мұндай мәселелерді мұқият талқылау қажет. Бірыңғай уақыт белдеуіне қатысты Парламентте ғалымдардың, сарапшылардың және аймақ өкілдерінің қатысуымен қоғамдық тыңдау өтті. Тараптар уақыт белдеуін ауыстырудың ел экономикасына және азаматтардың тұрмысына әсері жөніндегі барлық пікірді ескере отырып, 1 наурызға дейін жан-жақты зерттеу жүргізуге уағдаласты. Содан кейін нақты ұсыныстар әзірленеді. Парламент пен Үкімет бұл мәселені байыппен зерделеп, ортақ әрі дұрыс шешімге келетініне сенімдімін», - деп атап өтті Мемлекет басшысы.