Елімізді дамытуға қатысты ауқымды жоспарларым бар – Президент
«Қасым-Жомарт Тоқаев 2026 жылы Біріккен ұлттар ұйымын басқаруы мүмкін, соған байланысты елімізде кезектен тыс Президент сайлауы өтеді» деген қауесет әлеуметтік желіде тарап жатыр.
Мемлекет басшысы «Ана тілі» газетіне берген сұхбатында: «Осыған негіз бар ма?» деген тосын сұраққа жауап берді. Президент: «Мен Біріккен ұлттар ұйымы Бас хатшысының орынбасары және Қарусыздану жөніндегі конференцияның бас хатшысы ретінде осы ұйымның Женевадағы кеңсесін үш жылға жуық басқардым. Халықаралық үдерістердің қыр-сырына бойлап, мол тәжірибе жинадым. Осының өзі артығымен жетеді деп ойлаймын», - деді.
Сондай-ақ Мемлекет басшысы елімізді дамытуға қатысты талай жылға арналған ауқымды жоспарлары барын және оның бәрін жүзеге асыруға ниетті екеніне тоқталып өтті.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
– Мен Біріккен ұлттар ұйымы Бас хатшысының орынбасары және Қарусыздану жөніндегі конференцияның бас хатшысы ретінде осы ұйымның Женевадағы кеңсесін үш жылға жуық басқардым. Халықаралық үдерістердің қыр-сырына бойлап, мол тәжірибе жинадым. Осының өзі артығымен жетеді деп ойлаймын. Менің елімізді дамытуға қатысты талай жылға арналған ауқымды жоспарларым бар, оның бәрін жүзеге асыруға ниеттімін.