Мемлекет басшысы ретінде ішкі саясат мәселелерімен күнделікті айналысамын – Президент

«Жер жүзінде Қазақстанды орта держава деп атайды. Әрине, бұл мәртебенің салмағы да ауыр. Біз ең алдымен халықаралық аренадағы іс-әрекеттерімізге жауапкершілікпен қарап, қазіргі заманның аса күрделі мәселелеріне келгенде сындарлы ұстанымда болуымыз керек. Мемлекет басшысы ретінде ішкі саясат мәселелерімен күнделікті айналысамын. Бұл – өте маңызды жұмыс. Сондықтан менің қызметімде сыртқы саясатқа басымдық беріліп кетті деген пікір дұрыс емес», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Бүгінде еліміз әлемнің көптеген мемлекеті үшін стратегиялық маңызы бар ел саналатынын, бізбен байырғы серіктестеріміз ғана емес, сонау Африка құрлығындағы мемлекеттер де достық қатынас құруға мүдделі екенін атап өтті.