Ақмола облысында 7 адам мінген көлік қар құрсауынан шығарылды

Ақмола облысында көлік қар құрсауынан шығарылды. Бүгін таңда Бурабай кентінде қатты боран салдарынан 7 адам мінген жеңіл автокөлік жол шетіне сырғып, өздігінен шыға алмаған.

Оларға көмекке ТЖМ қызметкерлері келді. Құтқарушылар жүргізуші мен жолаушыларды Щучинск қаласының жылыту пунктіне жеткізді.