Таразда құны ₸6,9 млрд болатын электр станциясы салынады
Таразда құны 6,9 миллиард теңге болатын электр станциясы салынады, деп хабарлайды 24KZ. Құрылысы екі жылға жоспарланған жарық тарату станциясы Ұлы дала шағынауданында бой көтереді. Онда 800 жеке, 150-ден аса көпқабатты тұрғын үй мен 80-нен аса әлеуметтік-кәсіпкерлік нысан салынып жатыр. Сондықтан келешекте электр энергиясына тапшылық туындайды. 110 киловаттық жаңа станция осы мәселені шешеді.
Жаңа шағынауданда жылу мәселесі бар. Биыл республикалық қазынадан қаржы бөлініп, ауқымды жылу құбырлары салынбақ. Бұл жайында Сенат депутаты Бекболат Орынбеков мәлімдеді. Депутат жұмыс сапары барысында жайлы мектеп пен Түйте каналындағы абаттандыру жұмыстарымен танысты.
Бекболат Орынбеков, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:
- 570 млн теңге қаржы бөлінді. Ол осыған келетін жылу құбырларын кеңейту мәселесі. Енді Тараз қаласындағы ең үлкен мәселе болып отырған М3 деген жылу магистралдық құбырларының тозығы жетуіне байланысты құны 2,7 миллиард теңге ол жұмыстар да толық шешімін тапты. 2025 жылы мемлекеттік сатып алу жұмыстары басталып толық шешімін табады.