Теміртауды газдандандыру қарқынды жүріп жатыр

Теміртаудағы «оң жағалау» шағын ауданына газ тарту жұмысы аяқталды.

Жоба құрылысы 2023 жылдың сәуір айында басталып, 43,8 шақырым газ желісі жүргізілді. Қазіргі таңда мыңнан астам үй газға қосылды. Газдандыру Президенттің өңірлерді көгілдір отынмен қамту жөніндегі тапсырмасына сәйкес жүзеге асты. Қалада 2  аз тарату кешені кезең-кезеңмен іске қосылғаннан кейін тағы 1700 жеке үйге табиғи отын беріледі. Сондай-ақ металлургиялық комбинатты газбен қамту мәселесі шешімін табады. Бұл туралы өңірге сапармен келген ҚР Парламенті Сенатының депутаты Серік Өтешов айтты. Нәтижесінде Теміртаудың экологиялық ахуалы жақсарады. Сенатор қаладағы әлеуметтік маңызды нысандарды аралап, шағын және орта бизнестің жұмысымен танысты.

Серік Өтешов, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

- Қоғамдық кеңес мүщелері мен мәслихатпен мен әрдайым бірге кездесеміз, бөлмеймін. Себебі бір қала, бір мәселе ғой. Қоғамдық кеңес мүшелерінің көтергені мынау шағын және орта бизнес болды. Оның барлығын жан-жақты айттық. Теміртау қаласының экологиялық мәселесі ертеден келе жатқан мәселе ғой шешімін таппай. Жаңа біз кездесудің алдында осы әңгімені құрдық. Бүгінгі күнге комбинатты газбен қамту шешімін тауып жатыр.