Премьер-министр Түркістан облысының әкімін таныстырды
Олжас Бектенов Түркістан облысының активіне аймақтың жаңа әкімін таныстырды, деп хабарлайды 24kz.
Кейін Президенттің облыс басшылығы алдына қойған міндеттеріне тоқталды. Қасым-Жомарт Тоқаев «Ana tili» газетіне берген сұхбатында экономиканы нығайту және халықтың тұрмыс сапасын жақсартуды міндеттеді. Әсіресе, «Тұран» арнайы экономикалық аймағы мен өңірдің жалпы инвестициялық тартымдылығын арттыруға, көлік-логистикалық әлеуетін ашуға және агроөнеркәсіптік кешеннің дамуына басымдық берді.